Әлеуметтік педагог жұмысының есебі
"Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және
Көкпияз бастауыш мектебімен"
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі бойынша 2021-2022 оқу жылындағы
Оқушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру туралы
АНЫҚТАМА
Қаңтар айы
2021-2022 оқу жылында 2-10 қаңтар аралығында оқушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру, ата-аналарымен келісе отырып,тұрғылықты жеріне бару отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу жұмыстары сынып жетекшілермен бірлесе атқарылды. Мектеп бойынша 14 сынып тіркелді, әр сыныптың сынып жетекшілері отбасымен танысып, әлеуметтік жағдайын білу мақсатында зерттеу жұмысы жүргізілді. Зерттеу жұмысы сыныптың әлеуметтік паспорттан зерделеу арқылы жүргізілді
Мектеп бойынша жетім оқушы саны - 0, көпбалалы отбасы бала саны 119, аз қамтылған 26, оның ішінде арнаулы әлеуметтік көмек алатын 3, толық емес отбасы баласы 15, әкесі қайтыс болған 4, шешесі қайтыс болған 1
Отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын зерттеу барысында, ата-аналармен әңгімелесу жұмысы жүргізілді.
Әлеуметтік педагог: Ж.Д.Бакбергенова