Мектеп кітапханасында «Қарттарым аман-сау жүрсін»
«І.Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Көкпияз бастауыш мектебімен» Education Department of Kerbulak district
«Қарттарым аман-сау жүрсін» |
2023-2024 оқу жылы
«Қарттарым аман – сау жүрсін»
Мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап,тыңдай білуге,халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу .
Кітапханашы: Сәлеметсіздер, құрметті ақ жаулықты әжелер мен ертеңгі ұрпағына өсиет сөз, тәлім тәрбие берер ақсақалды қариялары,ұстаздар мен оқушылар! Бүгін дана халқымыздың аталы сөздерін еске түсіріп,ертеңгі күнімізге сабақ алып , бала тәрбиелеудегі әр баланың бойында сыйласымдық, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мақсатында өткізіліп отырған «Қарттарым аман-сау жүрсін» тақырыбындағы кешке қош келдіңіздер!
1-оқушы : Қарттар күні құтты болсын,
Қариялар, денсаулығың мықты болсын.
Отбасың,бала-шағаң аман болып,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын!
Сіздерді 1қазан -Қарттар күнімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ өмір,отбасыларыңызға береке,бірлік,қуаныш тілейміз,балаларыңызды жақыннан көріп,немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!
2-оқушы: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дари
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі-соқпақ,сөзі-нәр.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
1-оқушы : Қәзіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп , көңіл аударып , жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне , еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің еңбегі ерекше.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар-біздің асыл қазынамыз.Ендеше Іңкәр мен Гауһардың орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.
2-оқушы: Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жараMayды.Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі және атасы мен әжесі секілді қымбатты «Қонағы» болса, ол үйіне олардың артық Құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын , егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап , қамқорлық жасаса , қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
1-оқушы:Қарттарды құрметтемейтін,олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындаMayтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезім талдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп,жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа,не қайыр?!Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі-баланың ата-анасын ардақ тұтып,өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
2-оқушы:Шырқа әнге шалықта
Би дегенде, жалықпа.
Өнеріңді аяMay
Мың бұралып билеші-дей отырып қазақ биіне кезек берсек.
1-оқушы: Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні мен мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді,ешкім мың жасаMayды, тек өсіп-өнген , тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.Иә, ұрпақ өсіп ,жетіліп айналасына үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы- «Ұрпағым» деп шырпыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні.Бұл-біздің ең ұлы ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасауда.The presidentтіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамқорлық ел экономикасының өсімімен қатар өсіп келеді.
Құлақтан кіріп,бойды алар,
Әсем ән мен тітті күй.
Көңілге түрлі ой салар ,
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай Арайлымның орындауындағы «Ана» әні сіздерге арналады.
2-оқушы: Төрінен қарт кетпесін деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу- біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіне нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір- қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал еңбегін ақтау- өз болашағыңды сақтау. Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Дүние кезек.Сен өмір бойы жас болып тұрMayсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады.
«Батырлар биі» орындайтын ұлдар тобы
1-оқушы: Абырой амандығың арта берсін,
Бақ-даулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм тұзыңды тата берсін.
2-оқушы: Армысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би;
Сіздер үшін мереке шашулары.
Тыныштық елімізге бер берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,
Қызығын бейбіт өмірдің көре берсін.
Оқушылардың қарияларымызға деген жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. М.Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлені
1-оқушы:Ауылымыздың мақтан тұтар аталары мен әжелеріміз мақтанышымыз-сіздерсіздер!Ендігі ән тағыда сіздер үшін қабыл алыңыздар Төлебай Олжастың орындауындағы «Ана туралы жыр» әні.
2-оқушы :«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып әнмен тіл бердің.
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали бабамыз айтқандай, міне, балалар, біз өзіміздің ата- әжелеріміз алдында қарыздармыз.
Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп, сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
1-оқушы:Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін!
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін!
Тап-таза абыройлы болғаныңды:
Қазіргі ел билеген жастар көрсін!
Кітапханашы: Құрметті аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар мен оқушылар! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!«Қарттарым аман-сау жүрші» атты кешіміз аяқталды.Сау-саламатта болыңыздар!