02
September
2022
шара
«Психология әлемі –жан туралы ғылым»
«Бала жүрегі – кішкентай кhouseсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек». (Мұхтар Шаханов)
Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл –ойы арқылы ғана озады»,-деген .Ұлы ойшыл осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан емес.Білім - әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының , мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі.Адам өмірге ең бастысы мамандық таңдаудан қателеспеу керек.Болашақта қандай мамандықты таңдасам?Осы сұрақ өмірге келіп , сана –сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз.Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып , толғанып, қиялдап, өзім қалайтын , өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім.Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым.Ол әлем – психология әлемі –жан туралы ғылым.Әр адамның жүрегіндегі мұңды сезіп , ойды танып , дұрыс жол сілтей білу , адамнан тек мамандықты талап етпейді , адамға деген мейірімділік пен ізгіліктен туындайды сөзсіз.Иә қай мамандықтың да өзіңдік қызығы мен қиындығы бар.Ал менің таңдауым жеке тұлғаның жас ерекшелігін ескере отырып,