24
апрель
2024
23 сәуір дүние жүзілік кітаптар күніне арналған «Білімнің мініп тұлпарын» атты оқырмандар байқауы
«Білімнің мініп тұлпарын»
(оқырмандар байқауы)
Мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру,оқырмандардың ой-өрісін дамыту, оқыған кітаптарын
Талдай отырып ,рухани тәлім –тәрбие беру.
Көрнекілгі: Кітап туралы нақыл сөздер,слайд арқылы ұлы адамдардың кітап,ғылым ,білім туралы айтқан пікірлері. «Кітап – рухани қазына » тақырыбында кітап көрмесі.
1 жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Кел,оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап бас иемін мәртебене,
Игілік –қазынасың бар адамға .
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
Кітап –рухани құндылығымыз , теңдессіз байлығымыз.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да ,әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.Талай оқиғалардың куәсі,талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар.Рухани білімнің ,рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі , маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап»деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника ,жоғарғы технология дамыған ХХ І ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі - кітап.Кітапхана – кітап қоры.Осы жерден біз өзімізге керекті ң барлығын аламыз.Кітап ақыл –ойдың ,інжу –маржанын бойына жинайды да ,оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.Кітап біздің досымыз ғана емес ,сонымен бірге біздің тұрақты мәңгілік сенімді серігіміз.
Олай болса , бүгінгі мектеп кітапхана кеңесінің ұйымдастырумен өткелі отырған «Білімнің мініп тұлпарын» атты үздік оқырман сыныптар сайысына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Сайысымызды Ахмет Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көрдік.
Балалар , бұл жол басы жаңалыққа,
Келіңдер ,оқып байқап қаралықта.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұрып қалалық па?
Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.
Жүріңдер іздеп ,тауып алалық та!
2 Жүргізуші: Кітапты оқымайды сыйламаған
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісің,
Сол кітап бас ақылшы күнде маған
Түлекті тәрбиелеп кітап мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп,
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
1 жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім ,терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады.
Бүгінгі болғалы отырған сайысымызда оқырмандарымыздың білімділігі мен өнерін әділ бағалау үшін әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1) Тәрбие ісінің меңгерушісі : Е.Сарбасов
2).Пед-уйымдастырушы А.Саламатова
3) Қазақ.тілі пәні мұғалімі Айгерім
4)
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстыра кетсек:
1 кезең: «Талантты оқырман -болашағымыз» әр топ өздерің таныстырады
2 кезең: «Кітап –ғылым , тілсіз мұғалім» топтан бір оқушы немесе топпен көркем сөзді мәнерлеп ,жатқа айту.
3 кезең : «Бейнелер әлемі шақырады» өздеріне бөлінген шығармадағы кейіпкерді сомдау,және таныстыру
4 кезең: «Тапқыр болсаң ,тауып көр » белгілі ақын жазушыларды атап және шығармаларын айту
5 кезең: «Күш білімде ,білім кітапта» әр топ түрлі сұрақтарға жауап беру
Әр топ жетекшісі келіп реттік сандарын алады.
1жүргізуші: «Адамның досы –кітап,өмір кілті»
Тең келмес оған жиған мүлкі,
Ақылшы , жанға серік жол бастаушы,
Ақыл ой ,қазынасы, өмір көркі.
Ал ендеше ,шалқытып ән салайық,
Білімпаз оқырманға қол соғайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген
Әр сыныптын оқырманын қарсы алайық! Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Өлең –сөздің патшасы ,сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп ,
Теп тегіс ,жұмыр келсін айналасы- деп ,ұлы Абай айтқандай ,сырты күміс,іші алтын сөздермен топтарын таныстырып өтеді.
2 жүргізуші: Пайда ойлама ,ар ойла.
Талап қыл артық білуге
Ерінбей оқып көруге
Кітап толы терең сыр парасатқа
Қазынасы ол-адамзат ақылының
Кітап сөзі –жас ұрпақ болашаққа,
Жеткізеді дананың асыл үнін- дей келе байқаудың екінші шарты «Кітап ғылым, тілсіз мұғалім»яғни көркем сөзді жатқа мәнерлеп айту.
Дәулетің сенің өнерің,
Өнермен артар беделің.
Өнерің болса бойында,
Халыққа тиер көмегің - дей келе байқауымыздың 3 бөлімі «Бейнелер әлемі шақырады» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз өздерінің актерлік қабілеттерін көрсетеді. Өздеріне бөлініп берілген кітаптардағы кейіпкеді сомдау.
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің- дей келе төртінші бөлімімізді бастайық «Тапқыр болсаң ,тауып көр» ақын-жазушылардың аты-жөні және шығармаларын атау
Өмір мәні –өнер менен білімде.
Айтайықшы кітабынды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынан ғой,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте ,- дей келе бесінші бөлімімізді бастайық. «Күш білімде,білім кітапта» .Сайысқа қатысушыларымыз топпен 5 тен сұрақ алып ,жауап береді
Оқырмандарымыз кітап туралы өз ойларын ортаға салды.Қазақстан азаматтары білімді,мәдениетті ,өнерлі болуы керек. Ғылым жаңалықтарын ,өткен тарихымызды ,өнерімізді кітап оқу арқылы танимыз.Кітап –сенің ақылғөй ,адал досың ,өмірлік есті жолдасың.Өмірде бар нәрсе өзгереді,тек кітапхана халық қажетіне жарап,ғасырлар бойы жасамақ.Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып ,сусындай берсін.Дана халқымыз «Батыр бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаған.
Білім сүйсең,кел күн сайын осында
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін ,жас дос, ізденейік қосыла дей отырып ,кітапханаға жиі келіңіздер бірге ізденіп, бірге жұмыс жасайық.Бүгінгі байқауымыздын женімпаздарын анықтау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.